Василевич Германияға аттанды

Василевич Германияға аттанды

Қарағандылық «Шахтердің» босниялық қорғаушысы Никола Василевич жарақатынан толықтай айығу мақсатында сынақтан өту үшін Германияға аттанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Кеншілердің 31 жастағы тас қамал қорғаушысы Никола Василевич мамырдың бесі күні жарақатынан айығу мақсатында Германияға қаралымға аттанды. Сол жақта операция жасалып қалуы да мүмкін. Қарағандыға 2-3 аптадан соң оралады. Бірақ алаңға қай уақытта шығатыны әзірше беймәлім.

Өткен жылдың 18-ші маусымында Қазақстан кубогі жолындағы «Ертіспен» болған ойында Василевич жарақат алып қалған болатын. Қысқы маусымаралық уақытта командасымен бірге оқу-жаттығу жиынына қатысқан, бірақ тізесіндегі жарақат сыр бергендіктен алаңға оралуға рұқсат етілмеді.

Никола Василевичтен басқа, «Шахтер» сапынан Александр Мокин, Андрей Финонченко және Евгений Тарасов жарақаттарына байланысты ұзақ уақытқа дейін алаңға шыға алмайды.

Естеріңізге сала кетейік, мамырдың 7-сі күні қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды. Матч Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или