Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалына өте алмады

Скатов Италиядағы турнирдің жартылай финалына өте алмады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Розето-дегли-Абруцциде өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда Скатов италиялық спортшы Флавио Коболлиден жеңілді.

2 сағат 19 минутқа созылған кездесу 6:4, 2:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, екінші айналымда Скатов португалиялық Жоау Домингешті 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или