Стивен Джеррард Данияр Елеусіновты қорқытпақшы

Стивен Джеррард Данияр Елеусіновты қорқытпақшы

«Польшалық гусарлар» клубының ирландиялық боксшысы Стивен Джеррард Донелли Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусіновты ұрып тастайтынына сенімді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы боксшының өзі мәлімдеді. Елеусінов «Instagram» желісінде кезекті жаттығуының видеосын салған. Бұған ирландиялық боксшы өз пікірін қалдырды. «Мен сені ұрып тастаймын. Сенің WSB-дағы жекпе-жектеріңді көргенмін. Көңілім толмады. Мен сенен мықтымын. Мен WSB-да Мадияр Әшкеевті, басқа салмақ дәрежесінде Олжас Сәттібаевты жеңдім. Мені «қазақтардың киллері» деп атайды. Менің жекпе-жектерімді қара. Әсіресе, Әшкеевке қарсы кездесуімді көр», - деп жазды Донелли.

Ал Данияр ирландиялық боксшының бұл қорқытуына қысқаша ғана жауап қатты: «Сені жеңу – мен үшін оңай шаруа».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или