Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде үш ай бойы көш бастап келеді

Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингісінде үш ай бойы көш бастап келеді

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингісін жария етті.

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы чемпиондық кестеде 14 жасқа дейінгілер арасында үш ай бойы көш бастап келеді. Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 445 ұпай бар.

Сондай-ақ қазақстандықтардан Дамир Жалғасбай 33-сатыда, ал Даниэль Тазабеков 111-орында тұр. Бұл елімізде болашағынан үлкен үміт күттіретін жас теннисшілердің өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или