Азия чемпионаты: қазақстандық үш боксшы финалға шықты
Амманда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалға үш қазақстандық боксшы шықты. Төменде жартылай финалдың нәтижелері берілген:
60 кг. Аруза Балғабек (Қазақстан) - Шахин Гилл (Үндістан) - 0:5
66 кг. Бақыт Сейдиш (Қазақстан) - Феруза Алижонова (Өзбекстан) - Сейдиш үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
70 кг. Гауһар Шайбекова (Қазақстан) - Зая Мурад (Иордания) - Шайбекова бірінші раундта нокаутпен жеңді.
81 кг. Камила Бажбенова (Қазақстан) - Снеха (Үндістан) - Бажбенова екінші раундта нокаутпен жеңді.
+81 кг. Әсел Тоқтасын (Қазақстан) - Сахобат Хусанова (Өзбекстан) - 1:4.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или