Ватерполшы қыздарымыз да Әлемдік лигадан тыс қалды

Cу добынан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы да Әлемдік лиганың финалдық додасына шыға алмай, електік сында алтыншы орынға ие болды.

Осыдан бір ай бұрын су добынан ерлер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Әлемдік лиганың финалдық додасына іліге алмай, електік сында алтыншы орынмен шектелген болатын.

Енді, міне, қыздырамыз да тура сондай нәтиже көрсетіп отыр. Осы ретте айта кетейік, кейінгі жылдары әйелдер арасында да Әлемдік лиганың електік ойындары екіге бөлініп өткізіліп жүр.

Әйелдер арасында Еуропа елдері екі топқа бөлініп, «үйде және түзде» жүйесімен додаға түсіп жүр. Ал Азия, Америка, Африка және Мұхит жағалаулары елдерінің командалары Құрлықаралық електік турнирде бақ сынайды.

Әйелдер арасындағы биылғы Құрлықаралық електік сын Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өтті. Оған сегіз елдің ұлттық құрамалары қатысты. Қазақстан қыздары іріктеу турнирінің бірінші сатысында «А» тобында өнер көрсетті.

Олар Қытай қыздарынан 6:13 есебімен, ал АҚШ аруларынан 6:15 есебімен ұтылып қалып, Бразилия қыздарынан басым түсті. Негізі, бұл ойын тең аяқталған болатын. Бірақ біздің қыздар матч соңындағы пенальтиде басым түсіп, екі ұпай олжалады.

Осылай «А» тобында үшінші орынға ие болып, ширек финалда «В» тобында екінші орынға ие болған Канада қыздарымен кездесті. Өкінішке қарай, бұл ойында 3:11 есебімен ойсырай ұтылып қалып, жартылай финалға шыға алмады.

Бұдан кейін біздің қыздар 5-8 орындар сарапқа салынатын төрттікте бақ сынады. Мұндағы бірінші матчта Жапония аруларын 8:7 есебімен үтып, 5-орын үшін таласу құқығына ие болды.

Қызық болғанда, 5-орын үшін қайтадан Бразилия қыздарымен кездесті. Бұл өте маңызды кездесу еді. Себебі, осы ойында жеңіске жеткен команда финалдық доданың соңғы жодамасына қол жеткізеді.

Топтық кезеңде есе жіберіп алған Бразилия қыздары тістерін қайрап жүр екен, соңғы матчта қарқындарын үдетті. Окленд көгілдір айдынында еселерін қайтарды да. Есеп – 4:7. Ал Қазақстан қыздары финалдық дода жолдамасына сынық сүйем жетпей сүрінді.

Қазақстан ұлттық құрамасының қыздары Оклендте тек Жаңа Зеландия және Жапония аруларынан жоғары орналасты. Ал Әлемдік лиганың финалы жолдамаларын АҚШ, Австралия, Канада, Қытай, Бразилия қыздары иеленді.

Оларға Еуропадан Италия, Нидерланды және испания қыздары қосылады. Осы сегіз құрама 9-15 маусым аралығында Шаңхайда (Қытайда) өтетін финалдық сында додаға түседі.

Топтық кезең:

Қазақстан – Қытай – 6:13

Қазақстан – Бразилия – 12:11

Қазақстан – АҚШ – 6:15

Ширек финал:

Қазақстан – Канада – 3:11

5-8 орындар үшін:

Қазақстан – Жапония – 8:7

5-орын үшін:

Қазақстан – Бразилия – 4:7

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или