Тоқаев Паралимпиада жүлдегері Александр Герлицті құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Александр Герлицті құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
<span>Тоқаев құттықтауын Twitter-де жазды. </span>
<span>«Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!», - деп жазды Президент. </span>
Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық биатлоншы Александр Герлиц 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 8, 2022