Мбаппе «Реалға» қарсы қарымта матчқа қатыспауы мүмкін. Футболшы жаттығуда жарақат алды

Мбаппе «Реалға» қарсы қарымта матчқа қатыспауы мүмкін. Футболшы жаттығуда жарақат алды

«ПСЖ» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы 1/8 финалында «Реалға» қарсы қарымта матчқа қатыспауы мүмкін. 23 жастағы француз жаттығу кезінде жарақат алған, деп хабарлайды Prosports.kz

RMC Sport мәліметінше, Мбаппе медициналық тексерістен өтеді, кейін қандай жарақат алғаны және қашан айығатыны белгілі болады. 

Еске салайық, «ПСЖ» «Реалға» қарсы алғашқы матчта 1:0 есебімен жеңген еді, жалғыз допты Мбаппе салған болатын. Ал қарымта матч 9 наурызда Мадридте өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или