Азия чемпионаты: Алты боксшымыз жартылай финалға өтті

Азия чемпионаты: Алты боксшымыз жартылай финалға өтті

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алты қазақстандық боксшы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалда 48 келіге дейінгі салмақта Бексұлтан Боранбек кувейттік Джабер Алотаибиді ұпай санымен (4:0) ұтса, 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айдар Қадырхан сириялық Альхасан Кадустан 5:0 есебімен басым түсті.

Төрт боксшымыз ширек финалдық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады - Бек Жолдасбек (50 келіге дейін) үндістандық Ловеприт Сингхті (3-раунд), Сұлтан-Бейбарыс Абыляев (54 келіге дейін) ирактық Висам Джаббар Ламиді (2-раунд), Төрехан Сабырхан (57 келіге дейін) қырғызстандық Рамиль Шамуза (1-раунд), Алексей Хаванцев (60 келіге дейін) иорданиялық Джамал Баззариді (2-раунд) техникалық нокаутпен жеңді.

Жоғарыда аталған боксшылардың барлығы құрлық біріншілігінде кем дегенде қола медаль алады. 

1/4 финалда 46 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Темірлан Кемерхан қырғызстандық Зафарбек Камиловтан жеңіліп қалды (0:5).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или