«Сарыарқа» хоккейден Құрлықтық кубокта екінші орын алды

«Сарыарқа» хоккейден Құрлықтық кубокта екінші орын алды

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккейден Құрлықтық кубоктың негізгі кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирдің соңғы ойынында қарағандылық клуб даниялық «Ольборг Пайретспен» кездесіп, 4:1 есебімен сенімді жеңді. 

Қазақстандық команда сапында Сергей Барбашев (4-минут), Степан Грымзин (31), Андрей Яковлев (35) және Никита Аноховский (60) шайба салды, ал даниялықтардың жалғыз шайбасы Йен Эдмондсонның (45) еншісінде. 

Осылайша, «Сарыарқа» турнирде екінші орын алды. Бірінші орынды польшалық «Краковия» еншіледі. Польшалық команда келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или