Абзал Жүсіпов: «Кәсіби рингке алғаш шығуым маңызды»

15 мамырда Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде Бүкіләлемдік кәсіби кикбоксинг ұйымдары қауымдастығының (WAKO-PRO) қолдауымен алғаш рет кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атағына айқас өтеді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері қазақстандық Абзал Жүсіпов пен 2011 жылғы әлем чемпионы иорданиялық Адай Әли кездеседі.

Айқас «Қазақстан құрамасы - әлем құрамасы» матчтық кездесуінен кейінгі кибоксинг кеші аясында өтеді. Абзал қазіргі күнде облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Данияр Жүсіповпен бірге Астанадағы оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Абзалдың айтуынша, бұл кәсіби рингке алғаш көтерілуі екен. Абзал Жүсіпов 2013 жылғы әлем чемпионы, 2012 жылғы Азия чемпионы, Әлем кубогының 4 дүркін иегері.

- Медициналық тексеруден өттім, бәрі ойдағыдай. Данияр мені жекпе-жекке дайындап жатыр. Адаймен бұрын кездескен жоқпыз. Кикбоксшылардың әлемдік рейтингінде 60 келіге дейін мен біріншімін, екінші орында Александр Зайцев, үшінші орында Адай Әли тұр. Гонорар жағын ұйымдастырушылармен әлі келіскен жоқпыз. Мен үшін кәсіби рингке алғаш шығуым маңызды,-дейді Абзал Жүсіпов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или