Қысқы Паралимпиада-2022: Бүгін ел құрамасынан кімдер сынға түседі
Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 6 наурызда қазақстандық 2 спортшы ел намысын қорғайды.
<span>Жарыстың алғашқы күнінде жарыс жолына пара биатлоншылар шығады. Айта кетсек, сағат 8.00-де Сергей Усольцев отырып сырғанаудан 6 шақырым қашықтықта бәсекеге түседі. </span>
<span>Ал сағат 10.00-де түрегеп сырғанауда Александр Герлиц 6 шақырымдық жарысқа шығады. Бұдан кейін қазақстандық спортшылар 6, 8, 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды.</span>
<span> Еске салсақ, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлицтен өзге Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғайды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или