Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчында Бублик таразы басын теңестірді

Дэвис кубогы: Қазақстан – Норвегия матчында Бублик таразы басын теңестірді

Ослода Дэвис кубогының іріктеу кезеңінде Норвегия – Қазақстан матчында Александр Бублик пен Виктор Дурасович кортқа шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Бублик Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы болса, қарсыласы дүниежүзілік рейтингте 321-орында тұр. Бірінші партияда бірден ойын тізгінін қолына алған қазақстандық теннисші брейкпен алға кетті – 2:0. Осы басымдылығын сақтай білді – 6:3. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Бублик брейк жасай алды. Тағы бір брейк – 5:2. Сосын кездесуді эйспен бітірді – 6:2. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бублик 11 эйс жасап, 3 брейкке қол жеткізді.

Осылайша Александр Қазақстан – Норвегия матчында таразы басын теңестірді. Есеп – 1:1. Қалған ойындар 5 наурыз күні болады. Үш жеңіске қол жеткізген құрама Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или