Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде топ жарды

Нариман Курбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде топ жарды

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Нариман Курбанов жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Нариман гимнастикалық ат снарядында сынға түсіп, әлем үздіктерінің алдын орады. Ол финалдағы жаттығуы үшін төрешілерден 15.200 ұпай алған.

Күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган иеленсе, қола жүлдені армениялық Арутюн Мердинян жеңіп алды.

Айта кетелік, Нариман Курбанов Котбуста (Германия) өткен әлем кубогінде финалда өнер көрсеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или