Үш қазақстандық спортшы үстел теннисінен «WTT Youth Star Contender» турниріне қатысады

Үш қазақстандық спортшы үстел теннисінен «WTT Youth Star Contender» турниріне қатысады

Катарда 7-8 наурыз аралығында үстел теннисінен «WTT Youth Star Contender» жасөспірімдер жарысы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі <span>ҰОК</span> сілтеме жасап.

<span>Халықаралық додаға Австралия, Бельгия, Болгария, Египет, Үндістан, Иран, Йемен, Қазақстан, Катар, Қытай, Таиланд, Тайбэй, Тунис, Латвия, Ливан, Польша, Словакия, Хорватия, Чехия, Франция спортшылары қатысады.</span>

<span>Біздің еліміздің намысын Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бахыт және Алан Құрманғалиев қорғайды. </span>

Спортшыларымыз осы күндері Дохада «ITTF High Performance Boys Training Camp» атты оқу-жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда.

фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или