Мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Монпельеде (Франция) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына қатысушылардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Қазақстанның атынан Михаил Шайдоров, сонымен қатар би жұбы Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев шығатыны белгілі болды.

Дереккөз атап өткендей, қыздар қатыспайды, өйткені бүгінгі таңда қазіргі спортшыларда қажетті техникалық минимум жоқ.

Еске сала кетейік, мәнерлеп сырғанаудан 2022 жылғы әлем чемпионаты алғаш рет Францияның Монпелье курорттық қаласында, «Зюд де Франс» аренасында 21-27 наурыз аралығында өтеді. Жарыс ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, жұптық мәнерлеп сырғанау және мұзда би билеу категорияларында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или