Паралимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

Паралимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандықтар 4-13 наурыз аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде көре алады.

XІІІ Қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00 басталады. Еліміздің туын пара шаңғы спорт түрінен Әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады.

Телеэфирден бөлек, Паралимпиадалық жарыстарды арнаның www.qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или