Дэвис кубогы. Қазақстан – Норвегия матчының жеребесі тартылды
Ослода Дэвис кубогы іріктеу кезеңі аясында өтетін Норвегия – Қазақстан матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 4 наурыздағы алғашқы ойын күні бірінші болып кортқа Михаил Кукушкин мен Каспер Рууд шығады.
Содан кейін Александр Бублик пен Виктор Дурасович күш сынасады.
5 наурыз күні үш бәсеке жоспарланған. Алдымен Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Каспер Рууд – Виктор Дурасовичпен шеберлік байқасады. Сосын Бублик пен Рууд, Кукушкин мен Дурасович кездеседі.
Әр құраманың капитаны екінші ойын күні теннисшілерді алмастыра алады.
Матч 4 наурызда елорда уақытымен сағат 23.00-де, келесі күні 19.00-де басталады.