Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына миллиондаған қаржы жұмсаған

Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына миллиондаған қаржы жұмсаған

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Мәдениет министрлігі ұжымының кеңейтілген отырысында тоғызқұмалақ құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына ондаған миилион теңге жұмсалғанын айтты.

- Олимпиадалық емес спорт түрлерін талқылайық. Көп қаржы есепсіз жұмсалған. Мысал өте көп. Солардың бірі – тоғызқұмалақтан Қазақстан құрамасы неліктен оқу-жаттығу жиынына Түркияға барғанын және бюджеттің миллиондаған қаржысын жұмсағанын ешкім түсіндіріп бере алмады, – деді Дәурен Абаев.

Ол министрліктің оқу-жаттығу жиындарын өткізуді қатаң бақылауда ұстайтынын айтты.

- Әр оқу-жаттығу жиынынан кейін нәтижеге қайта ораламыз. Спорт түрлері бойынша нақты шаралар атқарылады, – деп қосты мәдениет және спорт министрі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или