Қызайбай: Софиядағы турнир әлем чемпионаты қарсаңындағы әлеуетімізді көрсетті

Қызайбай: Софиядағы турнир әлем чемпионаты қарсаңындағы әлеуетімізді көрсетті

Бокстан Болгарияның София қаласында өткен "Странджа" турнирінде Назым Қызайбай жеңімпаз атанды. Бұл қазақстандық спортшының ұзақ үзілістен кейінгі жеңістерінің бірі.

Боксшы кіші әлем чемпионатының өзі үшін қалай өткенін айтты.

- Софиядағы халықаралық сында барлық кездесулерімді бір деммен өткіздім. Өз салмағымдағы және басқа салмақтардағы қарсыластарды жіті бақылауға мүмкіндік туды. Айтарлықтай қиын жекпе-жек болды дей айлмаймын.

Бірақ бірінші кездесуді асыға күттім. Себебі, алғашқы айналымдағы қарсыласым 48 келіде 2018 жылғы әлем чемпионы еді. Бұл салмақта мен де чемпион болғанмын. Сол үшін өте тартысты боларына сенімді едім. Бірақ белгісіз себептермен қарсыласым шаршы алаңға шыққан жоқ. 

Қалған екі кездесуде бірінші раундта ұтылып жатып, кейін жеңіске жеттім. Ал финалда бірден басымдықты қолға алып, таза жеңдім. Бұл турнир әлем чемпионаты алдындағы үлкен сынақ болғаны анық. Өзіміздің де, қарсыласымыздың да әлеуетін байқадық. Қазіргі бапкеріміз де біз үшін жанын салуда. Өте адал, еңбекқор кісі. Сондықтан, оның үмітін ақтауға тырысамыз, - деді Назым. 

Айта кетелік, Назым Қызайбай "Странджа" турнирінде 50 келі салмақта топ жарды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или