Алан Құрманғалиев Катардағы халықаралық жаттығу жиынына қатысады

Алан Құрманғалиев Катардағы халықаралық жаттығу жиынына қатысады

Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Алан Құрманғалиев бас бапкер Эльмира Алиевамен бірге Катардағы бірлескен халықаралық жаттығу жиынына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жаттығу жиынына Австрия, Үндістан, Нигерия, Португалия, Пуэрто-Рико және Франциядан келген 12 талантты спортшы қатысады. 

Мұнда спортшылар тәжірибелі ITTF бапкері Массимо Константиниден тәлім алады. Ол 2009-2010 жылдары Үндістан құрамасын жаттықтырып, команданы Азия үздіктерінің қатарына қосқан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или