«Барса» футзалдан Испания Суперкубогын иеленді

«Барса» футзалдан Испания Суперкубогын иеленді

Херес-де-ла-Фронтера қаласында футзалдан Испания Суперкубогы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир «төрттік финалы» форматында болып, жартылай финал мен финал ойнатылды. Бірінші матчта каталониялық «Барса» «Интер Мовистарды» 3:1 есебімен жеңді.

«Барса» – «Интер Мовистар» 3:1 (2:1)
Голдар: 
Марсенио (3), Диего (19), Эскердинья (22) – Рафа Лопес (15)

Жартылай финалдың екінші матчында «Пальма Футзал» 4:2 есебімен «Эль-Посоны» жеңді. Айта кетейік, мурсиялық командада Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан ойнайды. 

«Пальма Футзал» – «Эль-Посо» (Мурсия) 4:2 (1:1)
Голдар: 
Игор (1, 24, 37), Нунеш (30) – Валерио (17), Гадейя (28)

Ал финалда «Барса» мен «Пальма Футзал» кездесіп, негізгі уақыт пен овертайм тең есеппен аяқталды - 2:2. Пенальти сериясында каталониялықтардың жолы болды – 3:2. «Барса» үшінші рет Испания Суперкубогын иеленді.

«Барса» – «Пальма Футзал» 2:2 (0:0, 1:1), пен. 3:2
Голдар: 
Андре Коэльо (22), Адольфо (45) – Марлон (24), Манкусо (45)

Фото lnfs.es

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или