Заңғар Нұрланұлы Франциядағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Франциядағы 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші санатты Tennis Europe турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
<span>Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Заңғар финалда франциялық Тимео Труфеллимен бас жүлдені сарапқа салды. </span>
<span>Бірінші партияда корт иесі басымдылық танытты - 7:5. </span>
<span>Дегенмен екінші сетте Заңғар ойын тізгінін өз қолына ала білді - 6:1. Үшінші, шешуші партияда да З.Нұрланұлы қарсыласына дес берген жоқ - 6:1. </span>
<span>Финалға дейінгі жолда қазақстандық теннисші Аустрия, Ресей және Франция елдерінің мықты ойыншыларын қапы қалдырды. Осылайша ол Tennis Europe сериясы бойынша өткен турнирлерде төртінші титулына қол жеткізді. </span>