«Қайраттың» экс-футболшысы Дания чемпионатындағы алғашқы голын соқты
Бразилиялық форвард, алматылық «Қайраттың» экс-футболшысы Вагнер Лав даниялық «Митьюлланд» сапында алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше «Митьюлланд» Дания чемпионатының 19-туры аясында «Оденсемен» кездесті.
Вагнер Лав алаңға 86-минутта шықты, ол кезде оның командасы 1:2 есебімен жеңіліп жатқан. Лав 93-минутта гол соғып, командасына бір ұпай сыйлады. Матч 2:2 есебімен аяқталды.
Еске салайық, былтыр бразилиялық шабуылшы алматылық «Қайраттан» кеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или