Валентина Хальзова «Странджа кубогында» жеңімпаз атанды
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова халықаралық "Странджа" кубогінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Болгарияның София қаласында бокстан "Странджа" кубогі өтіп жатыр. Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды. Аталған салмақ дәрежесінде қазақстандық Валентина Хальзова топ жарды. Ол финалда ресейлік Галина Головченконы 4:1 есебімен ұтты.
Айта кетерлігі, бокстан әйелдер құрама командасы аталған жарысты екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдемен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или