ҚБФ Qazsport арнасын сынға алды
Қазақстан бокс федерациясының Instagram-парақшасында Qazsport телеарнасы «Странджа» Кубогын неге көрсетпегенін сынады.
«Көкейдегі сұрақ...

Бүгін “Странджа Кубогының” соңғы жарыс күнінде қазақстандық бокс жанкүйерлері біздің былғары қолғап шеберлеріміздің жекпе-жектерін асыға күтеді...

“Қазақстандағы номер бірінші спорт түрінің” жанкүйерлерінің көкейінде бір сұрақ бар: жалғыз МЕМЛЕКЕТТІК СПОРТ АРНАСЫНДА трансляция неге жоқ деген. Бұл Дүниежүзінің ең мықты құрамаларының үздік боксшылары жиналған “кіші әлем чемпионаты” емес пе? Ақпан мен қыркүйек айларында Түркия мен Қытайда өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионаты мен Азия ойындары алдындағы үлкен дайындық қой.

Бірақ Qazsport телеарнасы КӨРЕРМЕНДЕРІ не көргісі келетінін түсінгісі келмейді!!!

Желтоқсан айында Оралда өткен ҚР чемпионатын толық көрсетуге техника жетпегенде түсіністікпен қарадық. Екі жарыс күнін ғана түсірді. Ал Щучинсктегі әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының бір күнін ғана көрсетті. Боксшыларымыз түрлі жарыстардан жүлдесіз қайтпайтынын біле тұра. Қазіргі қиын-қыстау кезеңде боксшыларымыз өз жеңістерімен халқымыздың патриоттық сезімін оятар еді. Қуанышқа бөлер еді.

Осыған орай, еліміздің бокс сүйер қауымы Qazsport телеарнасына көрермен талғамына қашан құлақ асады деген сауал жолдайды?!», - делінген мәлімдемеде.