Қанат Ислам АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді. Видео

Қанат Ислам АҚШ-тағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді. Видео

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) британиялық Джеймс Келлиге (25-2, 10 КО) қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде орта салмақтағы вакантты WBO Global титулы сарапқа салынады.

Екі спортшы да орта салмақ дәрежесінің шегінен (160 фунт немесе 72,6 келі) сәтті өтті. Келлидің салмағы 157,4 фунт немесе 71,4 келі болды. Ал Қанат Ислам таразыда 158,8 фунт немесе 72,03 келі тартты. 

Ислам – Келли жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 26 ақпан күні таңертең Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтеді. Мөлшермен Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 7:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или