«Странджа» кубогы: қазақстандық боксшы қыздардың нәтижесі қандай
Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирінің кезекті жарыс күнінде қазақстандық бес боксшы қыз жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
50 келідегі Назым Қызайбай испаниялық спортшыны ұтты, 54 келідегі Балауса Мұздиман болгариялық Станимир Петровадан жеңілді.
54 келіде Дина Жоламан италиялық боксшыны ұтса, 57 келідегі Карина Ибрагимова финлияндық спортшыны жарыс жолынан шығарды.
60 келідегі Римма Волосенко грекиялық қарсыласын жеңсе, осы салмақтағы Айдана Забынбекова ирландиялық боксшыға есе жіберді.
66 келідегі Мадина Нұрашева ресейлік Саадат Далгатовадан ұтылса, Дариға Шәкімова алжирлік қарсыласынан басым түсті.
75 келідегі Надежда Рябец ресейлік Елена Гапешинаны 3:2 есебімен жеңді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или