«Странджа кубогы»: Үшінші жарыс күнінің қорытындысы
Болгарияның София қаласында бокстан дәстүрлі "Странджа" турнирі жалғасуда. Olympic.kz үшінші жарыс күніндегі қазақстандық спортшылардың нәтижесін назарларыңызға ұсынады.
57 келідегі Бибарыс Жексен франциялық Самюэль Кистохты 5:0 есебімен ұтса, осы салмақтағы Оразбек Асылқұлов қырғыз боксшысы Жеңісбек Белашаровты 5:0 есебімен жеңді.
60 келідегі Василий Самчук ұлыбританиялық Ниэль Фаррелді 4:1 есебімен тізе бүктірді. Әділет Құрметов германиялық Мұрат Йылдырымнан ұтылды.
80 келідегі Ерасыл Жакпеков ресейлік Савели Садомадан 3:2 есебімен басым түсті.
Ал 92 келідегі Абзал Құттыбеков испаниялық Эмануэль Пла Рейесті ұтып, келесі айналымға өтті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или