Қанат Исламның титулдық жекпе-жегін Қазақстанда қай канал көрсететіні белгілі болды
Орта салмақтағы WBO Global тұжырымы бойынша бос чемпиондық белбеу үшін қазақ боксшысы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) мен британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жекті Қазақстанда қай канал көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жекпе-жек 26 ақпан, сенбі күні таңертең Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида) өтеді. Оны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың ақпан айында өткізіп, жетінші раундта эквадорлық боксшы Джейсон Миндуді (14-6-1, 8 КО) нокаутқа түсірген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или