«Ақтөбе» «Ақжайықты» тас-талқан етті

Қазақстан Кубогінің 1/8 финалдық ойындарында оралдық «Ақжайық» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдап, ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алғашқы гол 11-шы минутта соғылды. Марат Хайруллиннің айып соққысын Валерий Коробкин голға айналдырды. Араға 10 минут салып Дидар Жалмұқан есепті еселеді. 42-ші минутта Виктор Дмитриенко гол соғып, қарсыласты шаң қаптырды.

Екінші тайм басталысымен, Жалмұқан дубльдің авторы атанып үлгерді. 78-ші минутта жарақатынан айығып, командасына қайта оралған Алексей Антонов таблодағы есепті 0:5-ке жеткізді.

Қазақстан Кубогі. 1/8 финал

«Ақжайық» - «Ақтөбе» - 0:5 (0:3)

Голдар: Коробкин 10, Жалмұқан 21, 49, Дмитренко 42, Антонов 78

«Ақжайық»: Бағаутдинов, Сапанов, Забродин (Хаиров 62), Омаров, Антон, Валиулин, Марушко, Султес, Шевцов, Сәрсекенов, Әбдірахманов;

«Ақтөбе»: Покатилов, Коробкин, Левин, Дмитренко, Хайруллин, Неко (Шабалин 50), Тағыберген, Логвиненко, Сантана, Жалмұқан, Хижниченко (Антонов 60)

Төрешілер: Тимур Кумашев (Астана), Денис Лабашов, Сергей Калачев (екеуі де Атыраудан)

Қосымша төреші: Виталий Дерцапф (Орал)

Инспектор: Алексей Рубан (Алматы)

29-шы сәуір. Орал. «Ақжайық» стадионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или