Василий Жиров бапкерлікті қолға алмақ

Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер Кубогының иегері және IBF тұжырымындағы экс чемпион Василий Жиров Қазақстанға келді. Боксшы алдағы уақытта бапкерлікпен айналысқысы келетінін мәлім етті.

- Василий, әуелі, қош келдіңіз дейміз! Елге оралып, қандай күйдесіз?

- Отаныма оралғаныма өте қуаныштымын, туған жердің топырағын сағыныппын!

- Алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз...

- Қазақстанға келгендегі алғашқы мақсатым – анаммен, бауырларыммен, туған-туыстарыммен және сүйіктіммен көрісу. Сонымен қатар, бапкер ретінде еліме еңбегімді сіңірсем деген ниетім бар, әрине, елім мұнымды қажет деп тапса.

Айта кету керек, олимпиада чемпионы кәсіби карьерасында 42 жекпе-жек өткізген (38-3). 1999-2003 жылдар аралығында жартылай ауыр салмақ дәрежесінде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасында әлем чемпионы белбеуіне иелік етті. Кәсіби карьерасын 2009 жылы аяқтады. Қазір бапкерлікпен айналысып жүр.

Bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или