ITF Forte 60 Әйелдер турнирінің іріктеу кезеңінде алты қазақстандық өнер көрсетеді
Қазақстандық теннисшілер Қазақстанда өтетін турнирдегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.<br /><br />ITF Forte 60 Women’s жарысының ұйымдастырушылары біздің жас спортшыларға ойын белгісін ұсынды. Айя Нүпбай стартта бірінші орын алған ресейлік Екатерина Макаровамен ойнайды. Асылжан Арыстанбекова Берфу Шыңғыспен (Түркия) кездесуі керек. СандуғашКенжібаева украиналық Анна Познихиренконың қарсыласы атанды. Адель Исмағұлова эстониялық Елена Малыгинамен күш сынасады. София Чурсина Валерия Страховамен (Украина), ал Мария Синицына әлемнің 31-ракеткасы Вероника Күдерметованың сіңлісі Полина Күдерметовамен кездеседі.<br /><br />Матчтар ертең, 21 ақпанда Нұр-Сұлтан ұлттық теннис орталығында сағат 10:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или