2026 жылғы қысқы Олимпиада Италияда өтеді
Бүгін Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Енді 2026 жылғы Ақ Олимпиада Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтеді.
Ол туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясында белгілі болды. Қысқы ойындардың астанасы ХОК мүшелерінің дауыс беруі арқылы анықталған.
Сол тұста 2026 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларынан бөлек, Стокгольм мен Оре үміткер атанған еді.
Алғашында 2026 жылғы Олимпиаданы өткізуге жеті қала үмітті болған. Финалдық кезеңге дейін екі үміткер қалды. Нәтижесінде Италия жеңіске жетті.
2026 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуы 6 ақпанға жоспарланған. Бүгін Бейжің Олимпиадасының жабылу рәсімінен кейін Олимпиада эстафетасын Бейжіңнен 25-кезекті ойындар өтетін Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалалары қабылдап алады.