Нұрсұлтан Аманжолов қарсыласын нокаутпен жеңді

Нұрсұлтан Аманжолов қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов (3-0, 2 КО) профи-рингте үшінші айқасын өткізді.

Нұрсұлтан Алматыда өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, украиналық Семен Пахомовпен (2-16, 2 КО) қолғап түйістірді.

Аса ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген. Алайда, соңғы межесіне дейін жеткен жоқ.

Үшінші раундта Нұрсұлтан Аманжолов шапшаң комбинация жасап, оны оппонентінің бауыр тұсына қатты соққымен аяқтады.

Ауыр нокаутқа түскен С.Пахомов ұзақ уақытқа дейін есін жия алмай жатты. Осылайша, Нұрсұлтан Аманжолов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Семен Пахомов 17-інші рет жеңіліс тапты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или