Қысқы Олимпиадаға қатысқан 91 елдің 29-ы медаль алды
Бейжің Олимпиадасына 91 ел қатысып оның 29-ы жүлде алды.
<span>Бейжіңде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарына әлемнің 91 елінен келген 4 мыңға жуық спортшы қатысты. </span>
<span>Онда дүбірлі додада спорттың 7 түрінен 15 пән бойынша 109 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Алайда, Олимпиада ойындарындағы жеңіс тұғырына көтерілу бақыты тек 29 елдің спортшыларына ғана бұйырды. </span>
<span>Қалған 62 елдің спортшылары тек жарыс майдандарында сынға түсіп, қоржындарын бос көтеріп қайтты. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. </span>
<span>Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғады. Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсті. Өкінішке қарай жүлделі орындарға ешкім шыға алмады.</span>