Финалға шықты, бірақ жүлде жоқ. Морозова үшін Бейжің Олимпиадасы аяқталды
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы масс-старттың финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарыста Қазақстан намысын бір ғана спортшы қорғады. Надежда Морозова жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, жүлделер сарапқа салынатын жарысқа жолдама алған. Бірақ отандасымыздың шешуші жарыста бағы жанбады. Ол 8:21.05 уақытпен 15-орынға ие болды.
Айта кетейік, алтын медальді голландиялық конькиші Ирен Схаутен (8:14.73) алды. Ал екінші, үшінші орынға канадалық Ивани Блонден (8:14,79) мен италиялық Франческа Лоллобриджида иеленді.
Айта кетейік, ертең Қазақстан құрамасы Олимпиададағы соңғы жарысына қатысады. Ал бүгін конькишілер үшін Бейжіңдегі дода мәресіне жетті. Өкінішке қарай, спортшыларымыз әзірше жүлде ала алмады.