Бас бапкер тау шаңғысынан Захар Кучиннің нәтижесіне баға берді
Тау шаңғысынан Бейжің Олимпиадасында сынға түскен Захар Кучин слалом бойынша қысқы ойынды 36-шы орында аяқтады. Команданың бас бапкері Алексей Шубин спортшының аяқ алысын бағалады, деп жазады Olympic.kz.
"Захар слалом бойынша жақсы өнер көрсетті. Бұл оған ыңғайсыздау жарыс. Захардың негізгі дисциплинасы - алып слалом. Бірақ аталған сында спортшымыз құлап қалды да, жарысты ерте аяқтады.
Слалом бойынша ол бар өнерін салды. Өз деңгейінде нәтиже көрсетті. Шыны керек, біздің дайындық жағдайында жаман көрсеткіш емес.
Жарыс жолы оңай емес. Десе де, өзінің алғашқы Олимпиадасы екенін ескерсек, қолдан келгеннің бәрін жасады. Ол үшін қуаныштымын", - деді Шубин.
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или