«Кімге бәс тігуге болады?». Сергей Воронов алғаш рет Қазақстанда мәнерлеп сырғанау деңгейі туралы айтты

«Кімге бәс тігуге болады?». Сергей Воронов алғаш рет Қазақстанда мәнерлеп сырғанау деңгейі туралы айтты

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Сергей Воронов Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында федерацияның алдына қойған міндеттерін айтып, елдегі спортшылардың деңгейіне де баға берді.

- Қазақстан конькимен жүгіру федерациясының басшылығы сізге қандай міндет қойды?

- Еліміздегі мәнерлеп сырғанау деңгейін бәсекеге қабілетті халықаралық деңгейде көтеру.

– Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларды әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары сынды ірі жарыстарға қайтару жоспарыңыз бар ма?

– Мен жарты жылдай жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың техникалық минимумын көтеру үшін жұмыс істеп жатырмын. Қазіргі уақытта тапсырма орындалып, екі спортшы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына және бір спортшы ересектер арасындағы әлем чемпионатына баруға дайын.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиада мен әлем чемпионаттарына қатысу үшін неге техникалық минимумға жете алмайды?

- Еліміз бойынша спортшылардың кәсіби дайындығының жоқтығы – демек, резерв те жоқ.

- Сіз Денис Тен мемориалы мен Спартакиадада біздің мәнерлеп сырғанаушыларымызды көріп үлгердіңіз. Ұлттық құрамада кімдерге бәс тігуді жоспарлап отырсыз?

– Өкінішке қарай, қазіргі таңда халықаралық деңгейде бәс тіге алатын спортшылар көп емес. Орындалатын жұмыс көп және түпкілікті нәтиже үшін көптеген факторлар қажет болады.

- Қазақстандық мәнерлеп сырғанауда резерв бар ма?

- Елімізде дарынды балалар өте көп және олардан резерв жасау керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или