Головкин әлем чемпионының үш титулы үшін айқастың қашан өтетінін айтты

Головкин әлем чемпионының үш титулы үшін айқастың қашан өтетінін айтты

IBF және IBO тұзырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) келесі айқасына дайындалып жатыр.

GGG АҚШ-та Джонатон Бэнкстің басшылығымен жаттығуға кірісті. Геннадий екеуінің бірге түскен суретін әлеуметтік желіге жариялап, мынадай жазба қалдырды:

«Жаттығу лагеріне оралып, өз командаммен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Таяуда Жапониядағы бірлескен айқастың датасы жарияланады деп үміттенемін. Дайындалып жатырмыз».

Еске салайық, Головкиннің келесі қарсыласы WBA Super титулының иегері Риота Мурата (16-2, 13 КО) болуы тиіс.

Олардың жекпе-жегі 2021 жылдың соңына жоспарланған еді, бірақ Жапонияда карантин шараларының қатаңдатуына байданысты кейінге қалдырылды. Енді жекпе-жек көктемде өтеді деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или