Александр Бублик Дохадағы турнирдің екінші кезеңіне өтті
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Дохада өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz .
Бірінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы словакиялық теннисші Йозеф Коваликті екі сетте 6:2, 6:4 есебімен ұтты.
Матч барысында Бублик бір эйс жасап, екі қайталама қателік жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или