Шаңғышы-акробат Шерзод Хаширбаев 2022 жылғы Олимпиадада медальға таласпайды
Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаңғы акробатикасынан ерлер арасында екінші іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. .
18 жастағы қазақстандық Шерзод Хаширбаев іріктеу кезеңінде 109,74 ұпай жинап, 15-орынға орналасты. Осылайша, отандасымыз финалға тікелей өте алмады.
Дегенмен үздік алтылық ақтық сынға шыққан соң қалған спортшы екінші іріктеуге қатысқан. Бірақ Хаширбаевтың мұнда да жолы болмады. Отандасымыз 69,23 ұпай ғана жинай алды. Бұл үздік алты спортшының қатарына кіріп, Олимпиаданың финалына өту үшін жеткіліксіз болды.
Фото: Тұрар Қазанғапов, Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или