Қазақстан үшін акробатика аяқталды. Суперфинал көре алмадық

Қазақстан үшін акробатика аяқталды. Суперфинал көре алмадық

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының 11-күнінде Қазақстан екі спорт түрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғы қоссайысындағы жалғыз қазақстандық Шыңғыс Ракпаров бүгін жарыс жолын аяқтады. Өкінішке қарай, трамплиннен кейін көшбасшылардан қатты қалып қойды, сондықтан із кесуде де жоғары орындарға көтеріле алмады. 

Ал акробатикадан ерлер арасындағы жалғыз өкіліміз Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеуде үздік алтылыққа кіре алмады. Спортшымыз құлаған жоқ, бірақ жаттығу деңгейі мен оны орындау тазалығы әлем үздіктерімен текетіресуге жеткіліксіз. Ал екінші іріктеуде 18 жастағы спортшы құлап қалып, финалға шыға алмады. Осымен, Олимпиададағы фристайл жарысы біз үшін аяқталды.

15 ақпандағы жарыстар нәтижесі

Шаңғы жарысы
Үлкен трамплин. К-125. Ерлер
Шыңғыс Ракпаров – 38-орын (69.6, 111.5 м)

Гундерсен жүйесі бойынша 10 шақырымға із кесу. Ерлер
Шыңғыс Ракпаров – 43-орын (+7:35.2)

Фристайл

Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер
Шерзод Хаширбаев – 15-орын (109.74)

Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Ерлер
Шерзод Хаширбаев – 13-орын (69.23) – жалпы 14-орын

Фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или