Олимпиада: Ракпаров үлкен трамплинде 38-орын алды

Олимпиада: Ракпаров үлкен трамплинде 38-орын алды

Бүгін Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан ерлер арасында үлкен трамплин жүйесі бойынша жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Шыңғыс Ракпаров 69.6 ұпай (111,5 м) жинап, 38-орынға табан тіреді.

Үздік нәтижені Норвегия спортшысы Ярл Магнус Риибер (139.8) көрсетті. Екінші орынды эстониялық Кристян Ильвес (128,7), үшінші орынды жапониялық Рета Ямамото (128,7) алды.

Айта кетейік, елорда уақытымен сағат 17:00-де Шыңғыс Гундерсен жүйесі бойынша (10 шақырым) жарыс жолына шығады. <br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или