Елордада теннистен әйелдер арасында ірі халықаралық жарыс өтеді
Елордадағы Ұлттық теннис орталығында 21-27 ақпан аралығында Forte 60 Woman's халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш жарыстың жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайды.
Турнирге әлемдік рейтингте үздік 100 және 200 теннисшінің қатарына кіретін спортшылар қатысады.
Олардың қатарында әлемнің 96-ракеткасы, бельгиялық Грет Миннен, сондай-ақ мажарстандық Тимея Бабош, ұлыбританиялық Хэрриет Дарт, жапониялық Мия Хонтама, украиналық Дария Снигур, испаниялық Алена Большова, грузиялық Мариам Болквадзе және басқалар бар.
Қазақстан намысын Жібек Құламбаева, Гөзал Айнитдинова, Аружан Сағындықова, Дана Байдәулет, Екатерина Дмитриченко сынды теннисшілер қорғайды. Өткен жылы жазда елордадағы осындай турнирде М.Болквадзе үздік шыққан еді.
<br /><br />