«Жаңа қарсыласым болатын сияқты». Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек туралы жаңа мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) «уақытша» әлем чемпионы атағы үшін бразилиялық Эскива Фалькаоға (29-0, 20 КО) қарсы жекпе-жекке қатысты кезекті мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жақында екі боксшы әлеуметтік желіде пікір алмасуға кірісті, оның барысында бразилиялық былай деп айтты: «Бұл маған емес, біздің командаға және Top Rank-ке байланысты екенін жақсы білесің».
Кейін твиттерде қазақстандықтың өзі Фалькаоға қарсы жекпе-жекке күмән келтірді:
– «Әлі ешқандай жаңалық жоқ. Жаңа қарсыласым болатын сияқты. Кім екенін білмеймін, бірақ мен кез келген адамды жеңемін! Маған чемпион атағы керек!» - деді Әлімханұлы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или