«Суперфиналға жете алмадық». 14 ақпандағы нәтижеміз қандай?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиадары ойындарының оныншы күнінде Қазақстан тек бір спорт түрінен сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Акробатикадан кеше өтуі керек іріктеу жарысы ауа райына байланысты бүгінге шегерілген. Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова бірінші мүмкіндігінде құлап қалды, сондықтан үздік алтылыққа ене алмады.
Ал екінші іріктеуде Ақмаржан мүмкіндігін сәтті пайдаланып, финалға жолдама алды. Ал Жанбота екінші мүмкіндігін де пайдалана алмады.
Финалда Қалмұрзаева ауыр жаттығу жасап, құлап қалды. Екінші мүмкіндігі де сәтсіз болды. Осылайша, акробат қыздарымыздың Бейжіңдегі жарысы аяқталды.
14 ақпандағы нәтиже
Фристайл
Шаңғы акробатикасы. Бірінші іріктеу. Әйелдер
Жанбота Алдабергенова – 12-орын (80.56), Ақмаржан Қалмұрзаева – 19-орын (70.86)
Шаңғы акробатикасы. Екінші іріктеу. Әйелдер
Ақмаржан Қалмұрзаева – 1-орын (98.68) – финалға шықты, Жанбота Алдабергенова – 7-орын (80.56).
Шаңғы акробатикасы. Финал. Әйелдер
Ақмаржан Қалмұрзаева – 12-орын (52.36).
Фото: ҰОК