«Төрешілер туралы ештеңе айта алмаймын». Қалмұрзаева финалдағы сәтсіздігінің себебін түсіндірді
Ақмаржан Қалмұрзаева қысқы Олимпиаданың фристайл-акробатика жарысында бірінші финалға шығып, суперфиналға өте алмаған болатын. Ол жарысты 11-орынмен аяқтады. Қазақстандық спортшы жарыстан кейін әсерін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Төрешілер туралы ештеңе айта алмаймын. Бірінші секіргенімде қате жібердім. Кейін төрешілер мұны ескереді. Оның үстіне екінші мүмкіндігімде қайта секірдім. Өкінішке қарай, бұл мүмкіндікті толығымен пайдалана алмадым. Бүгінде нәтижем - 11-орын.
Финалда екінші мүмкіндігімді орындап жатқанда шаңғыға ілініп, жолдан шығып кеттік. Егер қатысушы трамплинге жетпесе, бәрінен кейін немесе төрешілер белгілеген кезек бойынша қайта секіруге болады.
Іріктеуде көрсеткен жаттығуым - менің ең қиын элементім. Іріктеуде орындай алғаныма қуаныштымын. Психологиялық тұрғыда қиын болды. Оның үстіне күн салқын. Осының бәрі әсер етті.
Бәріңізге рақмет»,- деді Қалмұрзаева.
Еске салайық, Ақмаржаннан бөлек Олимпиада акробатика жарысына Жанбота Алдабергенова да қатысқан. Бірақ ол екінші іріктеуден өте алмаған еді.