Бейжің Олимпиадасына барған 3 адамнан COVID-19 анықталды

Бейжің Олимпиадасына барған 3 адамнан COVID-19 анықталды

Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.

13 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 32 адам келді, оның ішінде 14 спортшы мен ресми өкілдер және 18 басқа тараптардың өкілдері. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша 3 адамнан COVID-19 анықталды, оның біреуі спортшылар мен команданың ресми өкілдерінен, екеуі басқа тараптардың өкілдерінен.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 69 872 ПТР сынағы жасалды, оның 6 051-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 63 821-басқа тараптардың өкілдері тапсырды. Нәтижелері бойынша расталған оң жағдайлар тіркелген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или