«Финал күтеміз». 14 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының оныншы күнінде қазақстандықтар тек бір спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасындағы акробатика жарысының екі іріктеуі мен финалы бір күнде өтеді. Себебі бүгін ауа райы нашарлауына байланысты жарыс ертеңге шегерілген. Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаеваға жанкүйер боламыз.
14 ақпандағы жарыс кестесі
Фристайл
13:00 Шаңғы акробатикасы. Бірінші мүмкіндік. Әйелдер
14:30 Шаңғы акробатикасы. Екінші мүмкіндік. Әйелдер
17:00 Шаңғы акробатикасы. Финал. Әйелдер
Қайдан көруге болады:
Qazaqstan, Матч Арена - 16:55 (шаңғы жарысы)
*Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: ҰОК
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или